Ж.Қизатов атындағы 23 мектеп-лицей командасы 7-8 сынып қыз балалар арасында өткізілген “Ұлттық мектеп лигасы” баскетболдан “Алтын доп” қалалық іріктеу жарысында жүлделі І орынды иеленді. Облыстық кезеңіне жолдама алды!!!
Команда жетекшісі 23 мектеп лицейінің дене шынықтыру пәні мұғалімі - Сыздықов Азамат Сәбитұлы дайындаған спортшыларымыздың талай жарыста белесті бағындыратынына сенеміз. Оқу мен спортты қатар алып жүрген болашақ буынға сәттілік тілейміз.